Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы «В» тобының екінші дивизионында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, турнирдің финалдық кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Исландия құрамасын 7:0 есебімен ұтты.
Шайбаys София Зубкова (16, 19 және 37 минуттар), Мадианна Нүсіпова (22 минут), Анастасия Филимонова (28 минут) және София Раковская (34 және 58 минуттар) соқты.
Екінші дивизионның В тобындағы қорытынды кесте мынандай: Қазақстан – 15 ұпай, Бельгия – 11 ұпай, Исландия – 9 ұпай, Жаңа Зеландия – 6 ұпай, Болгария – 4 ұпай, Эстония – 0 ұпай.