Балалар есірткіге қарсы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері нашақорлықты алдын алу мақсатында түрлі сипаттағы іс-шараларды өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдерді есірткіден алшақтату мақсатында облыс полиция департаментінің мамандары түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды.

Нашақорлықпен күресу мақсатында Мамлют ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандарымен бірлесіп, шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Аудандық ПБ бастығының жүлдесі үшін жарысқа Мамлютка қаласы мектептерінің командалары қатысты. Іс-шара «Есірткісіз болашақ үшін» ұранымен өтті.

– Жасөспірімдермен жұмыс барысында іс-шаралардың әр түрлі болуына мән береміз. Қаңтар айында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттерімен «дөңгелек үстел», ал Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің оқушыларымен тренинг өткіздік. Сондай-ақ облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және әкімшілік полиция басқармаларымен мұздағы дрифт бойынша республика чемпионатының бірінші кезеңі ұйымдастырылды. Оған Петропавл және басқа қалалардан келген кәсіби және әуесқой 24 жүргізуші қатысты. Мұз үстіндегі жарыс 500-ге жуық көрерменнің басын қосты. Жарыс «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен өтті, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Мамлютка қаласында өткен турнирде барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, үздік қақпашы, үздік қорғаушы және үздік шабуылдаушы таңдалды. Бірінші орынды № 1 Мамлют мектеп-гимназиясының командасы иеленді. № 2 Мамлют орта мектебі мен Мамлют санаторлық мектеп-интернаты жүлдегерлер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz