Ұлттық ұлан академиясының ұжымы аудандарда үгіт-насихат жұмыстарын қолға алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері Мамлютка және Булаево қалаларындағы мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді ұялату, жастарды жоғары әскери оқу орындарына тарту. Мамлют және М.Жұмабаев аудандарында өткен кездесулер барысында Ұлттық ұлан академиясының бастығы орынбасары Нұрбай Бектұрсынов болашақ түлектерге Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары, жоғары оқу орнына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған үміткерлерге қойылатын талаптарын түсіндірді.

Кездесуде оқушылар үлкен қызығушылық танытып, әскерилердің қызметі туралы сұрақтарын жолдады. Мамлютка мен булаево қалаларында ұйымдастырылған іс-шаралар соңында әскери академияның өнерпаздары шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ұлттық ұлан академиясы 25 жылдық тарихы ішінде 4 мыңнан астам жас офицерді дайындады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz