Петропавлда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы жұмыссыздар санын азайтып, екі қолға бір күрек іздеп келгендерге ақыл-кеңес беру үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеге бес жұмыс беруші қатысты. Денсаулық сақтау мен қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындары көп. Жәрмеңкеге келгендерге 100-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Петропавлдық Надежда Малаева солардың арасынан өзіне лайықтысын таңдауға келіпті.

– Бұл жәрмеңке жайлы әлеуметтік желіден естідім. Қандай жұмыс орындары бар екенін білу үшін келдім. Бос жұмыс орындары көп екен. Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұмысқа тұруға қандай құжаттар тізімі керек екенін айтты. Байланыс телефонын алдым, енді ертең жұмыс жайында барып сөйлесемін. Осындай жәрмеңкелер жұмыс іздеп жүрген адамдарға зор көмек екені сөзсіз, – дейді Надежда Малаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz