Құлеке батырдың туғанына – 320 жыл

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Құлеке батырдың 320 жылдығына арналған тарихи-әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, батырдың ұрпақтары, жерлестері мен жастар жиналды. Алдымен дүйім жұртқа Құлеке батырдың өмірбаяны баяндалды. Баһадүр бабамыз 1702 жылы қазіргі Шал ақын ауданы жерінде дүниеге келген. Батыр жұртшылыққа Шал ақын бабамыздың әкесі, Абылай ханның сенімді серігі ретінде таныс. Ол көрші Ресей және Қытай елшілерімен тығыз байланыста болып, елдер арасындағы бітімгерлікті сақтап отырған. Аталған тарихи-әдеби кешке Құлеке батырдың 7-ші ұрпағы Сартай Қоспанов қатысты.

– Біз – Құлеке батырдың 7-ші ұрпағымыз. Ерте кезде бабамыз жайлы еститінбіз. Бірақ, мұндай іс-шаралар ұйымдастырылмайтын. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана көптеген батырларымыздың ерлігі аталып өтілуде. Құлеке батырдың ел қорғаудағы еңбегі зор. Абылай ханның оң қолы болды. Өзге елдің елшілерімен тығыз байланыста болып, елін, жерін жауға бермей түрлі шайқастарға да қатысты,- дейді Сартай Қоспанов.

Құлеке батыр 30 жыл бойы Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан, ішкі және сыртқы саясатқа белсене араласқан. Оның есімі ресми құжаттарда 40-тан астам рет жазылған екен. Алайда, әлі күнге дейін мектеп оқулықтарында баһадүр бабамыз жайлы ақпарат жоқ.

– Бұл іс-шараның маңызы зор. Себебі, бұған дейін Құлеке батырдың ерлігі жайлы естіген жоқпыз. Осы кештің арқасында Құлеке Тәңірбердіұлының қазақ тарихында ерекше орын алатынын білдік. Осындай тұлғаны барлық жастар білуі керек деп ойлаймын,- дейді Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы Данияр Қабдулин.

Сондай-ақ, кітапхана қабырғасында “Даланың ержүрек батыры” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Құлеке батыр жайлы жазылған ондаған кітап қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz