Петропавлда аяқкиімі бар адам аяғының муляжын көлігінің жүк салғышынан салбыратып, көшеде жүрген жас жігіт табылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпанның 2-сі Петропавл қаласының әлеуметтік желілердегі топтарда видео тарады. Онда автокөліктің жүк салғыш бөлігінен аяқкиімі бар адамның екі аяғы шығып тұрған.
– Тәртіп сақшылары ВАЗ-2112 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ұстады. Қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді,- делінген полиция мәліметінде.
СҚО ПД баспасөз қызметі