Қазақстанда болу ережелерін бұзған 14 азамат анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс полицейлері «Шетелдік» акциясының бірінші күнінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған басқа мемлекеттердің 14 азаматын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Олардың барлығы ел аумағында болу мерзімін бұзған. Уақыты аяқталғаннан кейін еліміздің қонақтары оның аумағынан шығуы немесе жауапты органға мерзімдерін ұзарту туралы алдын-ала жүгінуі тиіс. Сондай-ақ шетелдіктерді паналатып, құзырлы органдарға хабарламаған облыстың 20 тұрғыны жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары қабылдаушы тараптың көші-қон қызметін шетелдіктердің келгені туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс екенін еске салады.

– Ашықтық пен қолжетімділік — бұл көші-қон қызметі жұмысындағы негізгі басымдықтар. Қызметкерлер халық көп жиналатын орындарда өткізілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерге, өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингтерге қатысады. Көші-қон қызметі басқармасының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көші-қон мәселелері бойынша кеңес алуға болатын қызметкерлердің телефондары орналастырылған. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы 8 (7152) 34-00-50 телефоны арқылы хабарласуға болады. Біз көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кез келген форматта көмектесуге дайынбыз, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Көші-қон полицейлерінің міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қандай да бір себептермен қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтау және оларға құқықтық мәртебесін реттеуге көмектесу. Акция шеңберінде полицейлердің үй-үйді аралауы барысында шетелдіктерге заңнамадағы өзгерістер түсіндіріледі. 27 қаңтардан бастап олардың Қазақстан Республикасында болуы 90 күннен аспауы керек, келесі 90 күндік кезеңді олар шетелде өткізуі қажет.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz