Уәлиханов ауданының орталығындағы 6,5 шақырым жолды қалпына келтіруге 169 млн. теңге қажет

Авторы: Qyzyljar News

Құмар Ақсақаловтың уәлихановтықтармен кездесуі барысында жол мәселесі де қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Уәлиханов ауданында 2017 жылдан бастап бұл мәселені шешу үшін 1 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Оның үштен-бір бөлігі Кішкенекөл ауылының ішкі жолдарын жөндеуге бағытталды. Биыл аудан орталығында 6,5 шақырымды қалпына келтіруге 169 млн. теңге қажет. Құмар Іргебайұлы өткен жылы басталған жұмыстар биыл жалғасын табатынын жеткізді.

– Биыл Қулыкөл ауылының ішкі жолдарын жөндеуге 50 млн. теңге қарастырылған. Ал ауданда маңызды жобалардың бірі – Кішкенекөл – Дәуіт жолын жөндеу болып отыр. Осы жылы бұл жұмысты бастаймыз. Нәтижесінде 57 шақырым жол жөнделеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Алдағы уақытта 35 шақырым болатын Өндіріс – Жұмысшы – Мырзағұл бағыттарындағы жолды және 48 шақырымдық Көктерек – Тоспа – Жасқайрат – Қайрат ауылдарын жалғайтын жолды жөндеу жоспарда бар, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмады. Соңғы жылдары облыстың 220 ауылына су тарату желілері салынды. Осылайша 6 жарым мың үйге тіршілік нәрі жеткені белгілі болды. Биыл тағы 55-нде осындай жұмыстар жүргізіледі. Биыл Ақтүйесай, Бидайық, Тельжан, Жас Ұлан, Ақбұлақ, Көбенсай ауылдарындағы су желілері ретке келтіріледі.

Тағы Құмар Іргебайұлы 2023 жылға дейін Жасқайрат, Карашілік, Тілеусай ауылдарында мобилді байланыс орнату жоспарланып, Қайратта байланыс сапасы жақсартылатынын жеткізді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz