Солтүстік Қазақстан облысында ақпанның 4-і мен 6-сы күндері аралығында ауа температурасы түнде минус 26 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады.
– Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Жауын-шашын желдің күшеюімен бірге жүреді. Еліміздің батысында түнде ауа температурасының аздап төмендеуі 7-18 аязға дейін, күндіз 3-8 аязды көрсетпек. Ал республиканың солтүстік жартысында, орталықта және шығыста температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады, – дейді «Қазгидромет» РМК.