СҚО-да күн суытады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қараша айында орташа ауа температурасы минус 6-8 градус шамасында болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, қарашаның бірінші онкүндігінде өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кейбір күндері боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні кейде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 5-10-дан 3 градусқа дейін, күндіз 0-5-тен 0-5-ке дейін болады деп күтілуде. Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0-5 аяздан минус 12-17 градусқа дейін, күндіз 0-5 жылудан 7-12 аязға дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін — түнде ауа температурасының минус 7-12, күндіз минус 2-7 градусқа дейін көтеріледі.

Үшінші онкүндіктің басында түнде минус 12-17 градусқа дейін, күндіз 7-12 аязға дейін салқындайды. Кейін ауа температурасы түнде минус 7-12, күндіз минус 2-7 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Онкүндіктің соңында қайтадан аяз болып түнде-15-20 градус, күндіз — минус 10-15 дейін суытады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz