СҚО-да әйелді өлтірудің резонанстық ісіне қатысты үкім 15 күн ішінде күшіне енеді

Авторы: Qyzyljar News

Жамбыл ауданында жидек теріп жүрген әйелдің абайсызда өліміне қатысты резонанстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сотталушы 65 жастағы зейнеткердің 5,6 миллиметрлік калибрлі оқ-дәрілері мен мылтықтарын заңсыз сатып алғаны анықталды. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және жазбаша материалдармен дәлелденген. Сот үкімімен ол үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталды.
Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегеновтің айтуынша, ұсталған учаскелік полиция қызметкеріне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 370-бабының 3-бөлігі (қызметтік әрекетсіздік) бабы бойынша айып тағылды.

— Тергеу бойынша алдын-ала анықталғандай, күдікті құқық қорғау органдарының қызметкері бола тұра және қылмыс жасаған адамның жанында бола отырып, өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кіретін әрекеттерді жасамаған. Бастапқыда прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұлтартпас дәлелдерді ескере отырып, учаскелік инспектор 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, — деді прокурор.

Оның айтуынша, істі тіркеген сәттен бастап тергеушінің барлық әрекеттері мен негізгі шешімдері прокуратурамен қатаң келісілген. Осыған байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қадағалау жүргізіліп, тергеу тарапынан бұзушылықтарға жол берілмеді. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Аппеляция мерзімі 15 күнге созылатынын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz