Солтүстікқазақстандық оқушының эстафетасын «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қабылдап, Мағжан Жұмабаевтың Ұлы Абайға арнаған өлеңін оқыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар орта мектебінің он екі жастағы оқушысы Жасмин Қалдыбек өзінің «Instagram» парақшасында «Мен жастарға сенемін» шығармашылық эстафетаны бастап, челлендж «Amanat» партиясының төрағасына жолданған.
Жерлесіміздің челленджін қабылдаған Ерлан Қошанов, Мағжан Жұмабаев өлеңінің үзіндісін оқып, әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жүктеген.
– Биыл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай Мағжанның туған ауылы – Сарытомар ауылынан 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек қызымыз «Мен жастарға сенемін!» атты челлендж бастап, алғашқы болып маған жолдаған екен. Мен бұл ұсынысты қабыл алдым. Жастарымыздың, балаларымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады, – деді Ерлан Қошанов.
«Amanat» партиясының төарағысы эстафетаны ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және қазақ тілін дамытуға зор үлес қосып жүрген қарындасымыз Ольга Спиринаға жолдады.
https://www.facebook.com/100079137711356/videos/1597803290659669/