«Петропавл-Алматы» бағыты бойынша қатынайтын пойызда өрт шықты

Авторы: Qyzyljar News

2023 жылғы 3 ақпан күні сағат 21:57-де Қарағанды облысының «Аршалы – Анар» теміржол учаскесінде техникалық вагоннан өрт шықты. Соның салдарынан №105/106 «Петропавл – Алматы» пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Өрт сөндірілді және құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді, құрылған арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті. Жолаушыларға жүк және темір жолмен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес, белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленеді, — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz