Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің ең ірі байланыс операторы Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылын радиокөпір технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосты және бұл жүздеген тұрғындар үшін барлық заманауи цифрлық қызметтер мен өнімдерді толық пайдалану мүмкіндігін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласынан 60 шақырым жердегі Аралағаш ауылында 430 адам үй түтінін түтетіп отыр. Осы азғантай ғана ауылдың халқы кешегі күнге дейін тұрақсыз әрі сапасыз мобильді байланысты пайдаланып, әбден зәрезап болған еді. Смартфондарын қолдарына ұстаған ауыл тұрғындары байланысы жақсы жерді іздеумен жүрген күндерін еске алады.Өңіріміздегі елдің ең ірі байланыс операторы қазірдің өзінде абоненттердің үйлеріндегі жабдықты сымсыз сигналмен қамтамасыз ететін 29 базалық станцияны орнатқан. Заманауи «радиокөпір» технологиясының арқасында мүмкіндігінше қысқа мерзімде және аз шығынмен сымды желіні құрудың техникалық мүмкіндігі жоқ ауылдық елді мекендерде деректерді беру түйіндерін ұйымдастыруға болады. Шағын ауылдардың тұрғындары да заманауи телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізуде.

-Өткен жылы компания облыстағы 11 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тағы екі ауылға желі тартуды жоспарлап отырмыз. Ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға көмектесетініне сенімдімін. Сапалы интернеттің пайда болуымен басқа да цифрлық қызметтер ауыл тұрғындарына қолжетімді болды. Мысалы, «Қазақтелеком» АҚ-ы телевидение, фильмдер, сериалдар мен ұлттық контентті, онлайн киноны бір қосымшада біріктіретін TV+ сандық телевизиясын ұсынады. Клиент өзі үшін тиімді пакеттік шешімді таңдай алады және қызметтерді пайдалану мерзіміне жеңілдіктер беретін жыл сайынғы шарттарды жасай алады, — дейді «Қазақтелеком» АҚ-ы бөлшек бизнес дивизионы Солтүстік өңірінің B2C сегментінің коммерциялық директоры Алексей Шмидт.

Ауылдардағы желілерді дамытқан байланыс операторы қалаларды да естен шығармайды. Биыл компания Петропавл қаласында салынып жатқан оннан астам жаңа тұрғын үй кешендерін «FTTH» технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосуды көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz