СҚО-да 39 білім беру нысаны жөнделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыстағы 39 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 3,8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде өңірде апаттық мектептердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өткен жылы күрделі жөндеуден 31 нысан өтті. Оның 21-і «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қалыпқа келтірілді. Бұл мақсатқа 2,5 млрд. теңге бөлінді.

– Қазіргі уақытта Тайынша ауданында 720 орынға арналған 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр (Вишневка ауылында – 120 орынға, Тайынша қаласында – 600 орынға арналған). Алдағы уақытта Драгомировка селосында 120 орынға арналған мектеп құрылысы жоспарлануда. Облыс орталығының мектептеріндегі орын тапшылығын қысқарту мақсатында 2026 жылға дейін 3,3 мың орынға арналған 4 жаңа мектеп салынады, – дейді СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

СҚО білім басқармасы Нәзір Жәшібековтің айтуынша, биыл мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға айырықша назар бөлінеді. Егер 2022 жылы 150 млн. тенгеге 28 физика және биология пәндік кабинеттері сатып алынса, жоспарда тағы 28 кабинетті жабдықтау бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz