Инвестициялық бағдарлама аясында электр желілер жөнделді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында облыстың 8 ауданы мен Петропавл қаласында орналасқан 56 шағын станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, энергетиктер ұзындығы 749,686 шақырым болатын электр желілерін жөндеді. Сондай-ақ 18,8 шақырымды құрайтын электр желілер жаңартылып, қуат өткізгіш жабдықтар ауыстырылды.

– Инвестициялық бағдарлама аясында келер жылы 20 трансформаторлық шағын станциялардың қондырғылары жаңасына алмастырылады. Ал «Петропавл жылу желілері» ЖШС Петропавлдағы Сәтпаев көшесі бойындағы жылу магистралін қайта жаңарту бойынша жобаны аяқтады. Жаңартылған учаскенің ұзындығы 1,021 км құрады. Ол Кошуков-Фрунзе көшелері аумағын қамтып отыр. Ружейников көшесінде жылу магистралін жөндеу, №1 сорғы станциясын күрделі жөндеу бойынша жобалау жұмыстары аяқталды, – дейді компанияның баспасөз хатшысы Динара Ходжаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz