СҚО-да жүк көлігі жанып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық автожолда жүк көлігі толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінің маңында IVECO жүк көлігінен өрт шыққандығы жөнінде хабар «101» нөміріне сағат 11.36 минут кеткенде түскен.

Мамандар келген кезде көліктің қозғалтқыш бөлігінен шыққан жалын оның тіркемесіне ауысып, толық жайылып үлгерген. Машина толық жанып кетті.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі өрт кезінде ешкімнің зардап шекпегенін растады.

– Жүк көлігі Петропавлдан шығып, Тайыншаға бара жатқан. Бос болған. «Петропавл-Астана» автожолының 382 шақырымында фура жана бастаған. Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Рульде отырған ер адам аман, зардап шеккен жоқ. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сол жерде қазір жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр, — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Өңір құтқарушылар соңғы кезде автокөлікте болатын өрттердің көбейгенін айтады. Мәселен былтыр осындай 5 өрт тіркелсе, биыл жыл басталғалы 10 автокөлік өрттен зақымданған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz