СҚО-да интернет-алаяқ көліктерге қажетті жалған қосалқы бөлшектерді сатқан

Авторы: Qyzyljar News

Интернет-алаяқ өңір тұрғындарына шетелдік автокөліктерге арналған жалған қосалқы бөлшектерді сатқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының бұрын сотталған 55 жастағы тұрғыны «Kolesa.kz» сайтында автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Алаяқ өзін дүкен иесі ретінде таныстырып, жәбірленушілерді «Lexus» пен «Toyota» автокөліктерінің бөлшектері үшін оған 20 мың және 145 мың теңге аударуға көндіреді.

Өзін адал сатушы екенін дәлелдеу үшін «Toyota» автокөлігінің иесіне «WhatsApp» арқылы жеке куәлігінің фотосуретін жібереді. Бірақ алаяқ айтқан мәлімет пен жеке куәліктегі адамның аты-жөнін бір-біріне сәйкес келмеген. Сатушы мұнымен тоқтамай, құжаттың сол фирмадағы қызметкерлердің біріне тиесілі екенін айтады. Алдын ала төлемге қол жеткізген алаяқ байланысқа шығуды доғарып, ізім-қайым жоқ болған. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қылмыскерді анықтады. Жәбірленушілермен сөйлескен уақытта ол әлдебір жұмыссыз адамның картасы мен фотосуреттерін пайдаланғанын мойындады. Оның мұндай қулыққа барғанын құжат иелері мүлдем білмегенін айта кеткен жөн.

– Қазіргі уақытта интернет-алаяқ сотталып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Сондай-ақ, егер сатушының адалдығына толық сенімділік болмаса, алдын ала төлем жасауға келіспеуді сұраймыз. Бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді талап еткен жөн. Алаяқтар әдетте бет-әлпетін жасырып, сөйлесуге келіспейді. Құжаттардың фотосуреттеріне сенбеңіздер. Өйткені алаяқтар бөгде адамдардың құжаттарын пайдаланады. Өздеріңіздің де құжаттарыңызға бас-көз болыңыздар. Олар да қылмыстық әрекетте пайдаланылуы мүмкін – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz