Бүгінгі таңда облыстағы барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, балалардың құқықтарын қорғау саласында білім беру объектілерінде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету және баланың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешеңі іске асырылып келеді.
– Балалардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұрады. Сондықтан жергілікті бюджеттен өткен жылы 105 млн. теңге бөлініп, қажетті бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылды. Биыл тағы 100 теңге бөлініп, бұл жұмысты жалғастырамыз, – деді СҚО білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков.