Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Еңбек министрілігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz