СҚО-ға Литва елшісі  Гинтаутас Васюлис келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан мен Литва арасындағы сауда айналымы 1,5 миллиард евроға жетті. Бұл туралы өңірге арнайы іс-сапармен келген Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Qyzyljartv.kz» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Елші Гинтаутас Васюлис жұмыс сапары барысында Петропавлдағы бірқатар әлеуметтік-мәдени және өндіріс орындарын аралады. Мейманға қаладағы кәсіпорындар көрсетілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Литва арасындағы сауда айналымы тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн.

– Біздің ел Қазақстанмен ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтіп, алға қарай ұмтылуды мақсат етіп отыр. Сапар барысында солтүстіктегі бірқатар өндіріс орындарын аралап шықтым. Жұмыс жақсы жолға қойылған екен. Бүгіндері бізді ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қызықтырып отыр, – деді Қазақстандағы Литва Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис.

Гинтаутас Васюлис облыс орталығындағы «Масло-Дел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі барды. Бүгіндері аталған кәсіпорын сүт өнімдерін өңдеумен айналысады. Алдағы уақытта өндіріс ошағы үшінші желіні іске қосужы жоспарлап отыр. Оның іске қосылуымен зауытта тәулігіне 250 тонна айран шығарылмақшы.

Қазақстандағы Литва елшісі өңірдегі бизнес өкілдерімен тілдесіп, облыс әкімі Айдарбек Сапаровпен кездеспекші.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz