Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Polisia.kz» сайтына сілтеме жасап.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынын 2022 жылдың жазында ұстады. Ол «мефедрон» синтетикалық есірткісін тәртіп сақшыларына көрсеткен орындарда қалдырып жүретін. Күдіктінің сөзін растау мақсатымен полицейлер аталған жерлерді тексеріп, психотроптық зат салынған 4 түйіншекті тапты.
Ұсталған қыз интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендерінің бірінде бірден екі аккаунтта тіркеліп, белсенді жұмыс істеп келген. Материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді.
– Жыл басынан облыста есірткі өткізгені үшін 3 адам сотталды. Оның бірі – 20 жастағы қала тұрғыны, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі.