Нашақор түрмеде емделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есiрткiнi аса iрi мөлшерде сатқаны үшiн ұсталған 28 жастағы Петропавл тұрғыны түрмеде емделедi, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жас жігіт сәуір айында ұсталған. Одан ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі мефедрон және «α-PvP» тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 250 грамнан асады.

Ол психотроптық заттарды тарату бойынша интернет-дүкенде жұмыс істей бастағанын, 4 жасырын орын ұйымдастырып үлгергенін мойындады. “Куратордың” бесінші тапсырмасын орындау кезінде оны полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланып, топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталушы есірткіге тәуелді деп танылғандықтан, оған жазаны өтеу орны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаровтың хабарлауынша, жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өткізудің 115 фактісі тіркелген, заңсыз айналымнан 740 келі жуық түрлi есiрткi құралдары алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz