Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 49 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 18 тұрғын иістен уланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, соңғы кездері өңірде өрт оқиғалары жиілеп кетті. Оның негізгі себебі – тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерді елемеуі. Сондай-ақ өңірде көліктердің жану фактілері де тыйылар емес. Мәселен, жыл басталғалы мұндай 10 дерек тіркелді.