Сақтықта қорлық жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Аmanat» партиясының облыстық филиалы кәсіпкер Владимир Витченконың қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін 100 улы газ датчигін сатып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері Петропавл қалалық төтенше жағдайлар  басқармасының қызметкерлері арнайы құрылғылардың бір бөлігін орнатып үлгерді.

Бұл құрылғылар  өрт немесе улы газбен улануға қатысты қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Соңғы жылдары өңірде көптеген тұрғын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан зардап шеккен.  Тіпті, адам шығыны да  тіркелді.

Партиялықтар  қолға алған  акция аясында арнайы құрылғылар жыл соңына дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне  тегін  орнатылатын болады.

— Департамент атынан партия өкілдеріне осындай игі іске атсалысқаны үшін алғысымды білдіремін. Біздің бірлескен жұмысымыз өз пайдасын тигізеді деген сенімдемін, — деді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар  басқармасының бастығы  Назымбек Елемесов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz