СҚО дәрігерлері Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін ұшады

Авторы: Qyzyljar News

Түркиядағы зілзаланың салдарымен күресуге Солтүстік Қазақстан облысынан бес дәрігер аттанады. Олардың барлығы жоғары санатты білікті мамандар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы басқа өңірлер сияқты бауырлас халыққа көмек көрсету үшін медициналық мамандарды жібермек. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға шұғыл көмек көрсету тапсырмасы негіз болған.

– Біздің облыстан Түркияның зардап шеккен аймақтарына бес дәрігер аттанады. Олар жоғары санатты дәрігерлер: дәрігер-хирург — Руслан Абетов, дәрігер-реаниматолог – Сергей Ишин, ортопед-травматолог – Евгений Никонов, екінші санатты дәрігер-нейрохирург – Максим Задворный және жалпы практика дәрігері – Нияз Әбдірақымов, — делінген баспасөз хабарламасында.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зілзаладан зардап шеккен аймаққа өңірден мамандар жіберілмейді. Жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін республикалық ведомство мамандары аттанды. Барлық қажетті құтқарушы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған олар іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналыспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz