Қазақстанда орташа жалақы көлемі белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылдың төртінші тоқсанында (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– IV тоқсандағы орташа жалақының өсімі жыл соңындағы сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры көлемі жұмысшылар санына қарай бөлінеді. Бұл мәліметтерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан аламыз. Алынған деректерге кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қамтымайтынын атай кеткен жөн, — деп түсіндірді бюроның еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Оның айтуынша, орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс саласында (42%), баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерінде (32,6%), ақпарат пен байланыс қызметінде (31,9%) тіркелген. 2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәнінің төмен болуы өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында (2,4%-ға) байқалды.

Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді — 35,2%. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды — 6,5%. Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі 204 168 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросы І-тоқсанда жалақының орташа мәні 285 433 теңгені, ІІ-тоқсанда — 312 011 теңгені, ІІІ-тоқсанда 299 782 теңгені құрағанын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz