Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис екіжақты кездесу өткізіп, СҚО мен Литва арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда біздің облыс әлемнің 60 елімен, соның ішінде Литва Республикасымен де ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемелекет Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді.
– 2022 жылы облыс пен Литва арасындағы тауар айналымы 1,7 есеге өсіп, 2,2 млн. долларды құрады. Алда көп жұмыс бар, жоспарларымызды бірлесіп жүзеге асырамыз. Тауар айналымын 10 миллион АҚШ долларына дейін жеткізу керек. Сіздің елден өңірге инвестиция құйғысы келетін кәсіпкерлер болса, біз барлық жағдайды жасауға дайынбыз, – деді кездесуде СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.
Ал Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқанына тоқталды.
– Ынтымақтастығымыздың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын экономикалық өмір орталықта емес, негізінен аймақтарда дамуда. Солтүстік Қазақстанның әлеуеті зор. Біз Қазақстанның әрбір аймағында еліміздің құрметті консулдығын құруға ұмтылудамыз. Петропавлға осы жазда консулдығымыздың салтанатты ашылуына ораламыз деп үміттенеміз. Осының арқасында мәдени және іскерлік байланыстар нығая түспек, — деді Гинтаутас Васюлис.
Солтүстік Қазақстан мен Литва ауыл шаруашылығы, өнімді өңдеу, өнеркәсіп және баламалы энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.