Петропавл тұрғындары су үшін қарыздарын өсімпұлсыз төлей алады

Авторы: Qyzyljar News

Жақында «Қызылжар Су» ЖШС желілерді жаңғыртуға ақша бөлу үшін акция ұйымдастырды. Оның аясында Петропавл тұрғындары көрсетілген қызметтер үшін мерзімі өткен төлемді өсімпұлсыз төлей алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін уақытылы төлемегені үшін есептелген тұрақсыздық айыбынсыз шоттарды төлеуге болатындығы туралы қала тұрғындарына қаңтар айында хабарланған. Соңғы кездері жиі айтылып жатқан ұйымның өтініштеріне қарағанда, қалалықтар акцияны пайдалануға әлі асықпайтын тәрізді.

— Акция ақпанның 28 дейін жалғасады. Өсімпұлды есептен шығару үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін негізгі борышты толығымен өтеу қажет. Содан кейін «Қызылжар Су» ЖШС — не тұрақсыздық айыбын есептен шығару туралы өтінішпен жүгіну қажет, — делінген «Қызылжар Су» ЖШС жариялаған ақпаратта.

Бұған дейін компания қала тұрғындары су үшін 30 млн. теңге көлемінде жалпы қарыз жинағанын мәлімдеген. Биылғы жылы ескірген сумен жабдықтау желілерінің 58% — жаңғыртуға 139 млн. теңге бөлінетінін ескерсек, жиналған қарыз сомасы айтарлықтай көп.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz