Мемлекеттік корпорация автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесінің өзгергені туралы хабарлайды, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды. Орталықтар жаңа жұмыс кестесі бойынша 6 наурызға дейін жұмыс істейді. Өзгерістер бойынша қосымша хабарланатын болады», – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ресми сайтында.