«Qyzyljar» клубы жаңа ойыншылармен толықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі уақытта «Qyzyljar» футбол клубы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Қазақстан біріншілігіне дайындықты мықтап қолға алған команданың қатарына тағы жаңа 6 ойыншы қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, солтүстікқазақстандық командағы оралдық «Ақжайық»-тың бұрыңғы ойыншысы Ардақ Сәулет алынды. Енді клуб қатарға қорғаушылардан хорватиялық Иван Графты, белгиялық Ван Ден Богартты, Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бекзат Шадмановты, жартылай қорғаушылардан  босниялық Младен Веселинович пен беларусиялық Евгений Березкинді қосты. Қызылжарлықтар шабуылшы позициясына грузиялық Лука Имнадземен кесілімшартқа отырды.

 

ivan

Иван Граф — Хорватия футболының түлегі. Отанында  «Врапце», «Лукко», «НК Загреб» және «Истра 1961» командалары құрамында ойнаған. Кейін Украиналық «Таврия» клубында шеберлігін шыңдады. Қазақстанда Иван «Ертіс» және «Қайсар» командалары сапындағы ойынымен танымал. Соңғы екі маусымда қорғаушы Қарағандылық «Шахтер» клубы қатарында ойнап, 43 кездесуде, 2 гол салған.

Азаматтығы: Хорватия

Бойы: 194см

Салмағы: 83кг

Позициясы: Қорғаушы

Туған жылы: 17.06.1987ж

 

 

brayan

Брайан Ван Ден Богарт – Бельгия футбол мектебінің түлегі. Туған елінде «Хайст», «РВДМ», «Антверпен», және «Вестрело» командаларында доп тепкен. Сондай-ақ Англиялық «Кроули», «Уайтхоук», «Эббсфилт Юнайтед» командаларында өнер көрсетті. Соңғы маусымды Исландиялық «Акюрейри» командасында өткізіп, 28 ойынға қатысып, бір гол соққан.

Азаматтығы: Бельгия

Бойы: 188см

Салмағы: 85кг

Позициясы: Қорғаушы

Туған жылы: 14.12.1991ж.

 

 

mladen

Младен Веселинович — Босния футболының түлегі. Отанында «Слобода», «Борац Баня-Лука», және «Железничар» командалары сапында ойнаған. Сонымен қатар жартылай қорғаушы Чехияда «Баник мост» клубында доп тепкен. Младен өткен маусымды «Железничар» қатарында аяқтады. Босниялық клуб сапында 26 ойын өткізген екен.

Азаматтығы: Босния және Герцоговина

Бойы: 174см

Салмағы: 70кг

Позициясы: Жартылай қорғаушы

Туған жылы: 04.01.1993ж.

 

 

evgeniy

Евгений Березкин – Беларусь футбол мектебінің түлегі. Өз елінде «Витебск», «Нафтан»,«БАТЭ» және «Торпедо-БелАЗ» клубтарында ойнаған. Жартылай қорғаушы латвиялық «Лиепая» сапында да доп тепкен. Өткен маусымда «Торпедо-БелАЗ» ФК сапында Евгений 28 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Сонымен қатар Беларусь Ұлттық құрамасында бір ойын өткізген.

Азаматтығы: Беларусь

Бойы: 182см

Салмағы: 74кг

Позициясы: Жартылай қорғаушы

Туған жылы: 05.07.1996ж.

 

 

luka

Лука Имнадзе – грузиялық «Гурии» клубының түлегі. Сонымен қатар өз туған елінде  «Сабуртало», «Колхети», «Рустави» және «Самтредию» командаларында ойнаған. Кейін шабуылшы әзірбайжандық «Сабаил» командасында доп тепті. Лука өткен маусымда «Ақжайық» қатарына келіп қосылды. Оралдық команда құрамында 26 ойынға қатысып, 3 голмен көзге түсті.

Азаматтығы: Грузия

Бойы: 181см

Салмағы: 75кг

Позициясы: Шабуылшы

Туған жылы: 26.07.1997ж.

 

Футболдан ел біріншілігінің 1-турының ойындары наурыздың 4-і мен 5-сі күндері аралығында өтіп,  жерлестеріміз биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын Павлодар қаласында өткізетінін атап өткен жөн. Мұның басты себебі – «Қарасай» стадионының Қазақстан футбол федерациясы талаптарына сәйкес келмеуі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz