Елімізде тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендегені байқалады

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша, алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда тұрғын үйді жалға беру нарығында баға 2,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.

Ал бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті. Мәселен, сатылатын жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 481 891 теңге, пәтерлерді қайта сату 515 019 теңге, абаттандырылған тұрғын үйді бір шаршы метрін жалға алу құны 4 671 теңге болды.

Статистер ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бір жылда (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті.

Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz