Жыл басынан бері қалалық патрульдік полиция қызметкерлері 40-қа жуық қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ұсақ ұрлық бойынша қылмыстардың басым бөлігі сауда нысандарында тіркеледі. Өткен айдың өзінде қаланың қоғамдық орындарында 43 қылмыс жасалып, оның 39-ы патрульдік полицейлердің көмегімен ашылған.
Тұрақты профилактикалық жұмыс көшедегі қылмыстың айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Бір айдың ішінде облыс орталығының көшелерінде 9 қылмыс жасалды, ал өткен жылдың осы кезеңінде 19 қылмыс тіркелді. Полицейлердің сенімді құралы – «rteltut» тағылатын бейнежетондар мен көліктегі бейнетіркеу құрылғылары. Олардың көмегімен 878 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүру екенін айта кеткен жөн.
– Патрульдік полиция батальонының негізгі міндеті – жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздік шараларын қадағалау. Осы орайда жыл басынан облыс орталығының көшелерінде 17 мас жүргізуші тоқтатылы, 40 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде жол бермеген анықталды. Биыл жолда жүру қағидаларын бұзған 161 жүргізуші жауапқа тартылды. Тағы 103 адамға көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі