Антакияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы ТЖМ Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен Мирболат Құрмашевтің денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ТЖМ таратқан ақпарат бойынша, іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасаған.

– Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты. Үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітіп, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты – делінген  ТЖМ-ның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

8 ақпан күні Түркияда із-түзсіз жоғалған Мирболат Құрмашевтің ағасы іздеу жұмыстары жайлы айтып, «үмітіміз үзіліп барады», деген еді.

Түнде Алмат Құрмашев Telegram арнасында «Біз одан айырылып қалдық» деп жазды.

Айта кетейік, Мирболат Құрмашев «Astana Hub» технопаркінің халықаралық агенті болған. Жер сілкінісі кезінде ол әріптестері Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадьярова және Құбылай Кескинмен бірге Хатай провинциясында болған. Жер сілкінісінен кейін олармен байланыс үзілді. Кейін із-түзсіз жоғалған жігіттің ағасы 8 ақпанға қараған түні бірнеше адам болып бауырын іздеуге аттанып бара жатқанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігі де жағдайды біліп, іздеуге көмектесті.

8 ақпан күні жерлесіміз Сабина Мамадьярова табылып, үйінді астынан аман-есен шығарылғанын айта кеткен жөн. Алмат Құрмашев ауық-ауық жағдайдан хабардар етіп, іздестіру жұмыстарына алып бетондар мүмкіндік бермей жатқанын, арнайы техникалар қажет екенін жазып, көмек сұраған.

10 ақпанға қараған түні Қазақстан Республикасының азаматы Әділ Қадырбеков пен Түркия азаматы Құбилай Кескиннің де өлі денесі табылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz