2022 жылы тауарлардың шығу тегін сертификаттау бойынша 3066 сертификат берілсе, оның 2624-ін жергілікті экспорттаушылар алған, хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Өткен жылы экспорттық сертификаттарға да, ішкі айналым сертификаттарына да өтінімдердің ұлғаю үрдісі байқалып отырғанын атап өткім келеді. Біз экспорттаушыларға берген сертификаттар саны 2022 жылы 15%-ға, ал CT – KZ нысандары 32%–ға өсті, — дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан тауарлары әлемнің 34 еліне, оның ішінде Ресей Федерациясы, Бельгия, Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Түркия, Ауғанстан, Нидерланды, Италияға экспортталды. Бұл ретте 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең танымал импорттаушы ел – Өзбекстан. Жылдағы дәстүр бойынша бұл елге негізінен бидай, кебек және бидай крахмалы жіберіледі. Сондай-ақ, 2022 жылы Еуроодақ елдеріне көптеген түрлі тауарлар экспортталды. Иранға арпа, бидай, Ауғанстанға – ұн, тауық жұмыртқасы, Қытайға – бидай мен зығыр майы, Түркияға — қатты бидай мен жасымық жеткізілді. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер де тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде болуын растайтын индустриялық сертификат алады.
– Былтыр палата мамандары 7 индустриялық сертификат берді. Жыл сайын отандық тауар өндірушілердің тізілімінде көрсетілген мәліметтерді жаңарту және өзектендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, — деп қорытындылады СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.