Смирново ауылындағы үш көшенің атауы өзгертілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аққайың ауданындағы Смирново ауылының үш бірдей көшесінің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аққайың ауданының орталығындағы Зеленая көшесінің атауы Желтоқсанға ауыстырылса, Октябрьға Жұмабек Тәшенов, ал Трудқа Геннадий Зенченконың есімдері берілді.

Смирнов ауылдық округі әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімі:

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов ауылдық округінің Смирново ауылының көшелері аталсын:

Зеленая көшесі Желтоқсан көшесіне;

Октябрьская көшесі Жұмабек Тәшенов көшесіне;

Труд көшесі Геннадий Зенченко көшесіне.

  1. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылауды ұстаймын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Данияр Қожин, – деп жазылған «smirnovo.info» сайтындағы хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz