Ауылдық мектептерге арналған жоба

Авторы: Qyzyljar News

Уәлиханов ауданындағы №2 Кішкенекөл орта мектебінде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жалпыұлттық жобасы таныстырылған ашық есік күні өтті. Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім берудегі алшақтықты жоюды көздейтін бұл жобаны «Қазақстан халқына» қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры және Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірдегі мектептердің ішінен дәл осы білім ордасының таңдалып алынуының өзіндік себебі бар. Облыс орталығынан шалғайда, яғни 340 километрдей жерде орналасқан елді мекенде білім сапасы артса, жобаның негізгі мақсаты да орындалар еді.

Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жалпыұлттық жобасы аясында оқу үдерісіне үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізу және мектепті қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни білім ордасындағы 34 оқу кабинеті толықтай жабдықталады. Бұның барлығы «Қазақстан Халқына» қорынан бөлінген 249 825 000 теңге көлеміндегі демеушілік қаражатқа алынады. Мектеп жеке пән кабинеттерінен бөлек STEM лаборатория, АРТ-студия, интеллектум кабинеті, шеберлік сыныптарымен жабдықтадып, кітапханаға керек-жарақтар жеткізіледі.

– «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп 2022 жылы тағы 17 мектепті қосып, жалпыұлттық жобаға айналдырдық. «Қазақстан қалқына» қоры, «Beeline» компаниясы сынды серіктестеріміздің қолдауымен әр мектепке шамамен 250 млн. теңге қаржы бөлінді, – деді Білім беруді тұрақты дамыту қорының жоба менеджері Аслан Айтахметов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz