Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 минут кеткенде болған. Аталған оқу ордасының 9-сынып оқушысы өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келіп, 3 оқушыны жарақаттаған.Қазір уақытта екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Аталған жайт бойынша оқиға орнында полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр. Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмағанын айта кеткен жөн.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімді полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 1-тармағының 2-бөлігі, 14-тармағы (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмағанның және мектеп әкімшілігінің іс-әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқықтық баға берілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz