Михаил Литвин — Азия чемпионы

Авторы: Qyzyljar News

 Астана қаласындағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарыста солтүстікқазақстандық Михаил Литвин күміс және алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

      Жарыстың алғашқы күндері ерлер арасында 400 метрге жүгіруден сынға түскен жерлесіміз күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойған еді. Бұл қашықтықта қола медаль қытайлық атлетке бұйырғанын айта кеткен жөн.

Кейін  жеңіл атлетші Михаил Литвин ерлер арасындағы эстафетада Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов, Вячеслав Земспен бірге мәреге бірінші болып жетіп үздік шықты. Олар 3:09.15 нәтижемен ел рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды. Екінші орында Катар құрамасы иеленсе (3:09,26), үшінші орынға Тәжікстан құрамасы тұрақтады (3:34,45).

Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 12 медаль (6 алтын, 3 күміс және 3 қола) жеңді. Аталған 12 жүлде Қазақстан құрамасының спортшыларына 2023 жылғы Азия чемпионатының медальдық есепте екінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Ал Жапония өкілдері 15 медаль (6 алтын, 5 күміс, 4 қола) жеңіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz