СҚО әкімі Президенттің қабылдауында болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Өңір басшысы Президентке аймақтағы былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы айтып, алдағы кезеңге арналған облыстың жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президентке Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндады.

Облыс әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында құны 160 миллиард теңген болатын 62 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ өңірге 430 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, оның жартысы ауыл шаруашылығына бөлінеді.

Президентке көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы да ақпарат берілді. Қазіргі уақытта 489 мың тонна тұқым себіліп, 180 мың тонна минералды тыңайтқыш беріледі. Сонымен қатар биыл акционерлер жаңа түтін құбырын салуға және ЖЭО-2 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуге 6 миллиард теңге бөледі. 1,1 миллиард теңгеге 7,2 шақырым жылу желілерін жөндеу және қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын жеткізді. 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылды.

«Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында мектептер мен медициналық мекемелердің құрылысы туралы ақпарат жеке ұсынылды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz