Қазақстандық өндірушілердің тауар айналымы 22%-ға өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық өндірушілердің дайын тауар айналымы $39,4 млрд құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары. Оның үштен бірін жалпы құны $12,1 млрд отандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізінен экспортталатын өнімдер металлургия және химия өнеркәсібі, атап айтқанда, мыс және мыс катодтары, ферроқорытпа, уран, мұнай өнімдері, өңделмеген мырыш пен алюминий, ыстықтай прокатталған жалпақ бұйымдар, табиғи газ.

Сонымен қатар шетелдік тұтынушылар да Қазақстанда өндірілген бидай ұнын, күнбағыс майын, минералды тыңайтқыштарды белсенді түрде сатып алуда. Оның ішінде 155,9 мың тонна күнбағыс майы экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,4%-ға артық.

Жалпы былтырдан бері күнбағыс майын сыртқы нарыққа жеткізуді арттыру үрдісі байқалуда. 2021 жылмен салыстырғанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша күнбағыс майының экспорты 3 есе өсіп, $346,4 млн құрады. Сонымен қатар өткен жылы отандық өндірушілер маргарин жеткізу көлемін 2,7 есеге арттырып, $88,8 млн-ға жеткізді.

Экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден – Нидерланды, Ұлыбритания, Жапонияға жөнелтіледі. Биылғы жылдың алты айында қазақстандық дайын өнімді импорттаушы елдердің географиясы 114-тен 125-ке дейін кеңейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz