СҚО-да үш күн ішінде интернет-алаяқтықпен айналысқан жеті күдікті ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері үш күн ішінде интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен жеті адамды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде ақпанның 7-9 аралығында «Anti-fraud» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның аясында жедел уәкілдер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қаладағы «Дария», «Океан» көтерме сауда орталықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық акцияға қалалық прокуратура қызметкерлері, СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері мен полицияның ерікті көмекшілері қатысты. Тәртіп сақшылары мен алдын алу жұмыстарына қатысушылар мың жарымнан астам ақпараттық парақша таратты. Әрқайсысына банктен қоңырау шалу, интернеттегі хабарландырулар бойынша тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасау сияқты айлакерлердің кең таралған әрекеттері туралы айтылды.

– Бүгінде адамдардың көпшілігі интернет-алаяқтардың әрекеттерінен болатын қауіп жайлы хабардар. Түсіндіру жұмыстары барысында көптеген адамдар бұрын өздеріне әлдебіреулердің “банктен” қоңырау шалғанын және бірден тұтқаны қоя салғанын айтты. Десе де, қаңтар айында облыста 46 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Желілік қылмыскерлерден келетін қауіп туралы тұрғындарға айтып жеткізу полицияның негізгі міндеттерінің бірі. “Anti-fraud” іс-шарасы шеңберінде ақпараттық жұмыстармен қатар жедел және тергеу жұмыстары да күшейтілді. Үш күнде екі интернет-алаяқтық фактісі ізін суытпай ашылды. Осындай қылмыстарды жасады деген күдікпен 7 тұлға анықталды. Олардың екеуінің желілік алаяқтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz