Ақпанның 12-сі күні Қызылжар ауданындағы Рассвет ауылдық округінің әкімі сайланды. Жалпы 4 сайлау учаскісінде тіркелген 1400-ден астам тұрғынның дені саяси науқанда өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Рассвет ауылында тізім бойынша 474 дауыс беруші бар. Сайлау науқанына әдетте оның 95-96%-ы қатысады. 6 адам үйде дауыс беруге өтініш берді. Бұл – сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар, — дейді Қызылжар ауданындағы №305 сайлау учаскесінің төрағасы Дмитрий Гончарик.
Рассвет ауылдық округінің әкімі лауазымына 3 кандидат ұсынылды. Оның екеуі – өз-өзін ұсынғандар. Сайлаудың қорытындысы бойынша 743 дауыс жинаған «AMANAT» партиясының мүшесі Абай Шайменов жеңіске жетті. Ол бұған дейін де аталған ауылдық округке 4 жыл бойы жетекшілік еткен.