Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша орташа айлық жалақыны есептеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда орташа жалақы 241 151 теңгені құрады. Бұл ретте бір жылдағы атаулы жалақы индексі 118,8%, нақты — 99,3% деңгейінде қалыптасты. Ең жоғары жалақыны — көлік және қоймалау саласының қызметкерлері алады. Мұнда айлық — 398 мың теңге.
Қаржылық және сақтандыру қызметі саласында -362,3 мың теңге болса, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласының қызметкерлерінің еңбекақысы — 111,7 мың теңгені құрады. Облыс аудандарының ішінде ең жоғары жалақы Қызылжар және Аққайың аудандарына тиесілі. Ең төменгі жалақы Тимирязевский ауданында тіркелді.