СҚО-да ресейлік инвесторлар кәсіпорындар ашуды көздейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 2025 жылға дейін 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 432 млрд. теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экономика секторының дамуына серпін әкелетін тың жобалардың іске асырылуымен облыста 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, қазынға түскен көлемі артады. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамубасқармасы басшысының міндетін атқарушы дархан Әмрин мәлім етті. Оның сөзінше, өткен үш жылдың өзінде 168 млрд. теңгеге бағаланған инвест жоба жүзеге асты. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады екен.

– Жуырда Астана қаласында болғанда бірқатар инвесторлармен тілдестім. Олар өз қаражаттарын облыстағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін бағыттауды көздеп отыр. Мәселен, ресейлік «Хлебпром» компаниясы кондитерлік өнімдерді шығаратын кәсіпорынды ашпақшы. Инвестиция көлемі 34,5 млрд. теңгеге дейін жетуде. Әрине бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындардың ашылуы септеседі. Тағы бір ресейлік инвестор «ЗАВОД ЛСТК» серіктестігі тауарлы-сүт фермалар мен бордақылау алаңдарын салуға қолданылатын болаттан жасалған жұқа материалдарды шығаратын зауытты іске қоспақшы. «REIMANN» неміс компаниясы тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жолға қойып, жылына 150 техниканы құрастырмақшы, – деді СҚО кәсіпкрлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz