Облыста қызыл жалын 8 адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басталғалы облыста 62 өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын 8 адамның өмірін қиып, 3 тұрғын түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен брифингте белгілі болғандай, өрт шықпай-ақ көміртегі тотығымен уланудан 18 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты. Ақпан айында соңғы оқыс оқиғалардың бірі Айыртау ауданында орын алды.

– Ақпанның 8-і күні Айыртау ауданының Карсаковка  селосында жеке тұрғын үйде өрт болды. Тілсіз жау тұрғын үймен жанында тұрған қора-қопсыны толығымен жандырып жіберді. Оқиға орнында 1957 жылы туған үй иесі термиялық күйікпен аудандық ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, ол ақпанның 11-і күні көз жұмды, – деді СҚО ТЖД мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Ақпанның 14-нен бастап облыста өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Оның аясында департамент қызметкерлері 17462 тұрғын үйді аралап шығып, нәтижесінде 46 мыңнан астам азамат қамтылды. Оларға 28 мыңнан астам жадынама таратылды. Сондай-ақ өңірдің 69 елді мекенінде 1800-ден астам адам қатысқан жиындар өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz