Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн. доллар бөлінген еді.