Мектепке балта-пышақ алып келіп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысына қатысты тың дерек шықты. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғанша, сот жасөспірімді 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 15-сі Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
– ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, ақпанның 13-і Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы мектепке балта-пышақпен қаруланып, өзімен үзеңгілес үш оқушыны жарақаттады.