Петропавл мектебінде балтамен шабуыл жасаған балаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. «Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген» дейді прокурорлар.

 

— Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің біріне 9-сынып оқушысы  балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz