СҚО-дағы газ құю стансасында балон жарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың Есіл ауданындағы газ құю стансасында 5 литрлік газ баллоны жарылып, орталықтың жұмысшысы күйік алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 14.32 минут кеткенде «101» қызметіне Есіл ауданы Явленка елді мекені, Ибраев, 75 мекенжайында өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде «Алыс Газ» ЖШС-нің операторы отыратын ғимараты көк түтінге оранған екен.

– Явленка елді мекеніндегі газ құю стансасының 42 жастағы жұмысшысы 5 литрлік газ баллонын даладан ішке кіргізіп, жылыту батареясының жанына қойған. Ол біраздан кейін ашылып кетіп, жарылған. Арты өртке ұласқан. Газ баллоны газ мөлшерін өлшеу үшін қолданылған екен, — дейді Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин.

Салдарынан ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалды. Мамандардың айтуынша, қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрттен ғимараттың шатыры толық жанып кетті, қабырғаларына, есік, терезесіне және жиһазға зақым келді.

 

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz